Home - Archives - Mechanics & Technologies - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-1

Механика және технологиялар 2024-1
Автор: Р.Т. Қауымбаев1, М.Ш. Шардарбек2

1,2М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Бет 40-49

https://doi.org/10.55956/YTRJ4745

Аңдатпа. Мақалада сүт және сүт өнімдерінің әлемдік нарықтағы негізгі қалыптасу тенденциялары, сонымен қатар бұл процесте Қазақстанның ролі анықталған және талданған. Сыртқы нарықтарға шығаруға бағытталған қазақстандық сүт өнеркәсібіне әлемдік нарықтан «өз орнын» табу мақсатында, әлемде болып жатқан үрдістерді ұстану қажеттілігін негіздейді.

Тірек сөздер: әлемдік нарық, сату, өндіріс, сапа, сыртқы нарық, тұтынушылық, сұраныс, қажеттілік.

Қауымбаев, Р.Т. Сүт өнімдерінің әлемдік нарығы және оның дамуында Қазақстанның алатын орны [Мәтін] /Р.Т. Қауымбаев, М.Ш. Шардарбек // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №1(83). – Б.40-49. https://doi.org/10.55956/YTRJ4745

(PDF)

Автор: П.М. Маликтаева1, Ш.Д. Умирбаева2

1Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты,
2М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Бет 32-39

https://doi.org/10.55956/ALTX6806

Аңдатпа. Табиғи өсімдік заттары сүт өнеркәсібінде, олардың тағамдық пен биологиялық құндылығын арттыру және сүт шикізатын үнемдеу мақсатында кеңінен қолданылады. Жұмыста арпа ұнын пайдалану арқылы сүтқышқыл ұлттық сусынның физикалық-химиялық құрамдарын талдай отырып құрғақ өнім алу технологиясы қарастырылды.

Тірек сөздер: арпа, сүт қышқылы, технология, химиялық құрам, сараптама.

Маликтаева, П.М. Арпа ұны қосылған «шалап көже» сүтқышқыл өнімінің сапалық көрсеткіштері [Мәтін] / П.М. Маликтаева, Ш.Д. Умирбаева // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №1(83). – Б.32-39. https://doi.org/10.55956/ALTX6806

(PDF)

Author: M.Kh. Baigeldiyeva1, Kh.A. Aubakirov2, M.D. Kenzhekhodzhaev3

1,2,3M.Kh. Dulaty Taraz Regional University, Taraz, Kazakhstan
Page 24-31

https://doi.org/10.55956/APIE5798

Abstract. The article discusses the utilization of livestock waste from slaughterhouses in the production of feed additives, suitable for broiler chickens, using highly nutritious food waste. The study presents results for moisture, protein, crude fat, and ash content in waste samples from various animals (foals, calves, and bone meal). Notably, the fat content was 9,6% in foal flour, 8,0% in calf flour, and 31,7% in bone meal. The research revealed that while a sample made from bone meal is high in fat (31,7%), the sample with the lowest amount of crude fat (8,0%) was from calf flour. These findings suggest the development of a new compound feed mixture, utilizing waste from agricultural animal slaughter, which is formulated to rapidly increase the weight of meat birds.

Keywords: feed mixture, by-product, foal embryo flour, calf flour, bone flour, feed fertility, protein content, crude fat content.

Baigeldiyeva M.Kh., Aubakirov Kh.A., Kenzhekhodzhaev M.D. Results of determining the nutritional composition of meat and bone meals intended for fodder mixture // Mechanics and Technology / Scientific journal. – 2024. – No.1(83). – P.24-31. https://doi.org/10.55956/APIE5798

(PDF)

Автор: М.Е. Ержанова1, А.Б. Мынбаева2

1,2М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Бет 18-23

https://doi.org/10.55956/XKAN7647

Аңдатпа. Мақалада функционалды тамақ өнімдерін жасау мен өндірудің ғылыми негіздері, функционалдық тамақ өнімдерін байыту принциптері мен түрлері, тамақ өнімдерін функционалдық ингредиенттермен толықтыру принциптері мен түрлері, кейбір функционалды тамақ өнімдерін өндіру технологиялары қарастырылды. Функционалды тамақтану – халықтың денсаулығын жақсартудың бір жолы екендігін көпшілікке жеткізу маңызды. Әртүрлі елдердің көптеген тұрғындары үшін функционалдық тағамдарды тұтыну арқылы тек қана емдеу емес, түрлі аурулардың алдын алуда көмектесетіні белгілі болды. Бұл өз кезегінде функционалдық азық-түлік өнімдеріне тұтынушылық сұраныстың тұрақты өсуін қамтамасыз етеді.

Тірек сөздер: функционалдық тамақтану, дәрумен, тамақ өнімдері.

Ержанова, М.Е. Функционалды тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі [Мәтін] / М.Е. Ержанова, А.Б. Мынбаева // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №1(83). – Б.18-23. https://doi.org/10.55956/XKAN7647

(PDF)

Автор: Г.Е. Аубакирова1, А.М. Саидов2, А.К. Кожахметова3

1,2А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті,
3Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі” КМҚК Қостанай қ., Қазақстан
Бет 8-17

https://doi.org/10.55956/INHM2825

Аңдатпа. Азық-түлік сапасы және адамның жалпы диетасының тепе-теңдігі денсаулық жағдайы мен оның өмір сүру сапасы үшін өте маңызды. Макарон өнімдері халықтың барлық топтарында тұрақты сұранысқа ие, сондықтан оны функционалды компоненттерді енгізу объектісі ретінде қарастыруға болады. Макарон өнеркәсібінің кәсіпорындары функционалдық бағыттағы байытылған өнімдер шығарады, бірақ олардың саны бүгінгі күні жеткіліксіз. Макарон өнімдерінің танымалдылығын, химиялық құрамын өзгерту және тағамдық құндылығын арттыру мақсатында макарон қамырының құрамына байытатын шикізатты қосу мүмкіндігін ескере отырып, бұл бағытты өзекті және перспективалы деп санауға болады. Зерттеуде жүйелеу, талдау және жалпылау әдістері қолданылды. Жұмыс Қостанай мелькомбинаты АҚ-да, макарон цехында (Қостанай облысы) жүргізілді. Мақалада ресейлік және шетелдік зерттеушілердің байытылған өнімдер ассортиментін, атап айтқанда дәстүрлі емес шикізатты, соның ішінде итмұрын өндірісінде қолданылатын байытылған макарон өнімдерін кеңейтудің бүкіл әлемдегі перспективалық бағыты бойынша ғылыми еңбектеріне шолу берілген. Макарон өнеркәсібіндегі проблемалар мен тенденциялар көрсетілген. Зерттеу нәтижелері дәстүрлі емес шикізатты пайдалана отырып, макарон өнімдерінің жаңа рецептері мен технологияларын әзірлеу кезінде зерттеушілер мен өндірушілерге қызықты және пайдалы болуы мүмкін.

Тірек сөздер: функционалды тағамдар, бидай ұны, итмұрын, макарон, байыту, тағамдық құндылығы.

Аубакирова, Г.Е. Кәдімгі итмұрын қосылған макарон өнімдерінің тағамдық құндылығын жақсарту [Мәтін] / Г.Е. Аубакирова, А.М. Саидов, А.К. Кожахметова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №1(83). – Б.8-17. https://doi.org/10.55956/INHM2825

(PDF)