Home - Archives - Mechanics & Technologies - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-1 - Машиналардағы сатылы біліктерді жөндеу қорының жай-күйін талдау

Машиналардағы сатылы біліктерді жөндеу қорының жай-күйін талдау

Автор: М. Ибылдаев

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Бет 221-228

https://doi.org/10.55956/SJTS1573

Аңдатпа. Сатылы біліктер өндірісі, машина жасауда айтарлықтай үлес салмағын құрайды. Бір жыл ішінде өндірісте 10 млн. астам дана сатылы білік дайындалады, оның жартысы автомобильдерге, тракторларға және басқа да техникаларға арналған. Сатылы біліктердің ауыр жұмыс жағдайлары олардың мойынтіректері мен тығыздағыштарына арналған орындардың қарқынды тозуына алып келеді. Барлық ақаулардың ішінде біліктің төлкемен түйіскен жерінде желіну түрінде жанасатын беттерінің тозуы басым. Жөндеу қорының жай-күйін талдау ілінісу біліктерінің барлығы дерлік өндіруші зауыттардың техникалық талаптарына сәйкес келмейтінін көрсетеді. Олардың 20%-ы жарамдылық талаптарына сәйкес келмейтіндіктен жөндеуге жарамсыз.

Тірек сөздер: сатылы білік, бекіту орындары, шлицтер, пайдалану, тозу, техникалық талаптар, сапа.

Ибылдаев, М. Машиналардағы сатылы біліктерді жөндеу қорының жай-күйін талдау [Мәтін] / М. Ибылдаев // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №1(83). – Б.221-228. https://doi.org/10.55956/SJTS1573

(PDF)