Home - Archives - Mechanics & Technologies - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-1 - Мобильді құрылғыларда аутентификациялаудың биометриялық әдістері
Мобильді құрылғыларда аутентификациялаудың биометриялық әдістері
https://doi.org/10.55956/VJYW8091
Аңдатпа. Мақалада "Биометриялық аутентификация" ұғымы қарастырылады, биометриялық аутентификацияның әртүрлі заманауи мүмкіндіктері, аутентификациялаудың биометриялық әдістері, олардың қалай қолданылатыны, сондай-ақ олардың артықшылықтары мен кемшіліктері баяндалады. Мобильді құрылғылар қазіргі қоғамда маңызды орын тапты, олардың жүздеген миллиондары қолданылуда. Смартфондар сияқты мобильді құрылғыларда сенімді және бейтарап пайдалануды сәйкестендіру және аутентификация бүгінгі таңда өзекті мәселелер. Осы саладағы заманауи шешімдердің көпшілігі «құрылғы құлпын ашу» сценарийіне негізделген – смартфон құлпын ашу үшін пайдаланушы берген ақпаратты (аутентификация факторларын) тексеру. Олардың көпшілігі құпия сөздер мен PIN кодтарына негізделген әлсіз аутентификация механизмдерін пайдаланады, олар оңай бұзылып, осылайша шабуылдаушыларға құрылғыға және оның сақталған деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондықтан күшті аутентификацияға қажеттілік артып отыр және әртүрлі биометрияны мобильді платформаға қолдану маңызы артуда.
Тірек сөздер: биометриялық аутентификация, саусақ ізі, пайдаланушы, тор көзі, тану, сканерлеу, мобильді құрылғылар.
Доумчариева, Ж.Е. Мобильді құрылғыларда аутентификациялаудың биометриялық әдістері [Мәтін] / Ж.Е. Доумчариева, М.К. Есеналиева // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №1(83). – Б.205-213. https://doi.org/10.55956/VJYW8091