Home - Archives - Mechanics & Technologies - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2023-3 - Жартылай жүн талшықты маталарды сертификаттау сынақтарына дайындау

Жартылай жүн талшықты маталарды сертификаттау сынақтарына дайындау

Автор: Р.Т. Қауымбаев1, М.Ш. Шардарбек2

1,2М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Бет 57-65

https://doi.org/10.55956/BFYT5026

Аңдатпа. Бұл мақала халық шаруашылығының маңызды салаларының бірі болып табылатын текстильдік материалдар, соның ішінде талшықтық құрамы жартылай жүн талшықты болып өндірілетін тұрмыстық мақсаттағы маталарға жүргізілетін сертификаттау сынағы кезіндегі туындайтын мәселелерді қарастыруға арналған, жұмыста зерттеу обьектісі ретінде іріктеліп алынған маталарға сертификаттау сынағы кезінде үлгілердің негізгі сапа көрсеткіштері анықталды, сондай-ақ жартылай жүн талшықты аралас маталарды қауіпсіздік тұрғысынан зерттеу КО ТР 018/2011 "Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық рекгламент талаптары негізінде жүргізілді.

Тірек сөздер: үйкеліс, төзімділік, қыртыстанғыштық, отырғыштық, ауаөткізгіштік, текстиль, мата, сертификаттау, стандарт, техникалық регламент.

Қауымбаев, Р.Т. Жартылай жүн талшықты маталарды сертификаттау сынақтарына дайындау [Мәтін] / Р.Т. Қауымбаев, М.Ш. Шардарбек // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2023. – №3(81). – Б.57-65. https://doi.org/10.55956/BFYT5026

(PDF)