Home - Archives - Mechanics & Technologies - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2023-1 - Алма күнжарасы қосылып жасалған тағамдық құндылығы жоғары кондитерлік өнім

Алма күнжарасы қосылып жасалған тағамдық құндылығы жоғары кондитерлік өнім

Автор: Т.А. Байбатыров1, Д.А. Жумашова2, Г.А. Умирзакова3

1,2,3Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал қ., Қазақстан
Бет 41-48

https://doi.org/10.55956/UZPK7934

Аңдатпа. Мақалада алма күнжарасын 8, 10, 12, 14 және 16% мөлшерінде қоса отырып кондитерлік өнім – кекс жасауды зерттеу нәтижелері келтірілген. Дайын өнімдер сапаның негізгі көрсеткіштері бойынша зерттелді. Кептірілген алма күнжарасының әртүрлі мөлшерімен кекс рецепті жасалды. Органолептикалық және физикалық-химиялық, сондай-ақ дәмдік бағалау нәтижелері бойынша алма күнжарасы мөлшері 14% болатын кекс ең жақсы үлгі болып таңдалды. Тағамдық құндылықты есептеу көрсеткендей, әзірленген өнімде В1 және РР дәрумендерінің, К, Mg, P, Ca, Na минералды заттарының, ақуыз, сондай-ақ асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартуға көмектесетін сіңірілмейтін көмірсулар мөлшері артатыны анықталды. Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, алма күнжарасын кондитер өндірісінде қолдану тағамдық құндылығы жоғары кекстің жаңа түрін алуға, кондитерлік өнімдердің ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді деген қорытынды жасауға болады.

Тірек сөздер: алма күнжарасы, тағамдық құндылығы, кекс, кондитерлік өнімдер, ассортимент.

Байбатыров, Т.А. Алма күнжарасы қосылып жасалған тағамдық құндылығы жоғары кондитерлік өнім [Мәтін] / Т.А. Байбатыров, Д.А. Жумашова, Г.А. Умирзакова, // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2023. – №1(79). – Б.41-48. https://doi.org/10.55956/UZPK7934

(PDF)