Home - Archives - Mechanics & Technologies - Механика және технологиялар 2021-2 - Композиттік ұнның физикалық-химиялық құрамын талдау
Композиттік ұнның физикалық-химиялық құрамын талдау
https://doi.org/10.55956/QJQW6835
Аңдатпа. Мақалада дәнді дақылдардан жасалған композиттік ұнның физикалық-химиялық құрамына талдау жасалып, глютенсіз нан өндіру үшін шикізат ретінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылды. Зерттелетін шикізат ретінде Ақмола облысындағы «Qazyna» ұн өндірісінде өндірілген құрама ұндар қолданылды. Сонымен қатар, асқазан-ішек жолына әсер ететін иммунозға тәуелді ауру - целиакия туралы айтылған. Дәнді дақылдардан әзірленген композиттік ұн сапасы жоғары органолептикалық және физикалық-химиялық көрсеткіштерімен сипатталатын тағамдық талшығы жоғары нан алуға мүмкіндік беретіндігі анықталды.
Тірек сөздер: глютен, целиакия, ұн, глютенсіз пісірілген өнімдер.
Утарова, Н.Б. Композиттік ұнның физикалық-химиялық құрамын талдау [Мәтін] / Н.Б. Утарова, А.Б. Нұртаева, М.М. Какимов, Г.Д. Акшораева, Ж.И. Сатаева // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2021. – №2(72). – Б.6-14. https://doi.org/10.55956/QJQW6835