Home - Archives - Mechanics & Technologies - Механика және технологиялар 2021-1 - Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде азық-түлік қауіпсіздігі (HACCP) жүйесінің қағидаттарын қолдану

Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде азық-түлік қауіпсіздігі (HACCP) жүйесінің қағидаттарын қолдану

Автор: У.А. Орынбаева, А.Т. Оңлабекова, О.Ж. Досымова
Бет 95-103

https://doi.org/10.55956/ISAM1938

Аңдатпа. Мақалада азық-түлік қауіпсіздігін басқару (HACCP) жүйесінің қағидаттарын қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына енгізу мәселелері қарастырылды. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде HACCP жүйесінің қағидаттары іске асырылды, екінші тағам өнімдерінің технологиясының блок-схемасы құрастырылды. Тауық етін грильде қуыру технологиясы кезіндегі қауіпті факторлар тізімдемесі мен алдын алу шаралары анықталды, шешім қабылдау ағашы әдісінің алгоритмі әзірленді, сыни бақылау нүктелері және сыни шектер, түзету әрекеттері анықталды.

Тірек сөздер: тағам өнімдері, қоғамдық тамақтандыру, HACCP, қауіпті факторлар, тәуекел, сыни бақылау нүктелері.

Орынбаева, У.А. Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде азық-түлік қауіпсіздігі (HACCP) жүйесінің қағидаттарын қолдану [Мәтін] / У.А. Орынбаева, А.Т. Оңлабекова, О.Ж. Досымова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2021. – №1(71). – Б.95-103. https://doi.org/10.55956/ISAM1938

(PDF)