Home - Archives - Bulletin Dulaty University - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2023-1 - Тұрақтандыру бағанасындағы жылу беру коэффициентін зерттеу тәсілі

Тұрақтандыру бағанасындағы жылу беру коэффициентін зерттеу тәсілі

Автор: А.Р. Кембаев
Бет 162-169

https://doi.org/10.55956/ALKM5318

Аңдатпа. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес тұрақтандыру бағанасындағы жылу беру коэффициентін және деректерді өңдеу эксперименттерінің нәтижелерін зерттеу әдістемесі ұсынылған. Температура айырмашылығының артуына байланысты α-ның жоғарылауы, сондай-ақ суару тығыздығының жоғарылауымен α-ның шамалы өсуі эксперименталды түрде дәлелденді. Сонымен қатар газ және газоконденсатты кенорнындағы газды кәсіпшілікте өңдеу кезіндегі тұрақтандыру бағанасының жылу беру коэффициентін зерттеу тәсілдері қарастырылған. Газаоконденсатты кен орындардағы пайдаланылатың тұрақтандыру бағанасының жалпы технологиясын жетілдіру кезіндегі бағана ішіндегі жылу беру коэффициенті саптаманың конустық беті бойынша аққан сұйық пленкасына әсер ететін күштер тамшыдағы қысым және бөліну бетіне іш жақтан әсер ететін динамикалық қысым тепе-теңдігі жағындағы тамшы сұйық ағынының толқынды ыдырауына талдау жасау нәтижесінде, пленканың қалыңдығы, оның орташа шығындағы жылдамдығы, ағынның жылдамдығы және диаметрі, сондай-ақ тамшы диаметрі анықталған. Ұсынылған теңдеулер аппараттың тәртіптік және конструктивтік параметрін, сондай-ақ бірігіп әрекет ететін ағындардың физикалық қасиеттерін есепке алуға негізделіп орындалған.

Тірек сөздер: тұрақтандыру бағанасы, жылу беру коэффициенті, гидравликалық кедергі, газдық фаза.

(PDF)