Главная - Архив - Dulaty University хабаршысы - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2023-1 - Бағдарламаланатын логикалық контроллерге негізделген жарықтандыруды басқару жүйелері

Бағдарламаланатын логикалық контроллерге негізделген жарықтандыруды басқару жүйелері

Автор: Л.Н. Есмаханова, Б.Б. Тлемисов
Бет 122-135

https://doi.org/10.55956/YELH7651

Аңдатпа. Зерттеу мақсаты – автоматтандыру және басқару бағытында білім алатын студенттерді бағдарламаланатын логикалық контроллер негізінде жарықтандыруды басқару жүйелерін жасап, релелік-контактілі схемалар тілінде контроллерді бағдарламалауға үйрету. Мақалада Mitsubishi сериялы контроллер мысалында техниканың түрлі салаларында автоматтандыруды іске асыру үшін контроллерді практикалық пайдаланужұмыстары қарастырылған. Ғылыми жұмыста негізгі назар релелік-контактілі схемалардың тіліне аударылады. Ғылыми жаңалық пәтердің жарықтандыруды басқару схемасының релелікбағдарламасын жазғаннан кейін пәтерді жарықтандыру схемасын «Бағдарламаланатын логикалық контроллерге негізделген жарықтандыруды басқару» зертханалық стендінде жинау болып табылады. Релелік диаграмманы бағдарламалаудың артықшылығы логикалық қосылыстарды графикалық түрде көрсету болып табылады. Электрлік пен басқару құрылғыларын пайдалану кезінде талап етілетін заманауи контроллерлер деректерді тез өңдеп, процестерді автоматты түрде басқарады.

Тірек сөздер: контроллер, басқару, коммутация, диод, реле, диаграмма, алгоритм.

(PDF)