Главная - Архив - Dulaty University хабаршысы - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2023-1
https://doi.org/10.55956/ALKM5318
Аңдатпа. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес тұрақтандыру бағанасындағы жылу беру коэффициентін және деректерді өңдеу эксперименттерінің нәтижелерін зерттеу әдістемесі ұсынылған. Температура айырмашылығының артуына байланысты α-ның жоғарылауы, сондай-ақ суару тығыздығының жоғарылауымен α-ның шамалы өсуі эксперименталды түрде дәлелденді. Сонымен қатар газ және газоконденсатты кенорнындағы газды кәсіпшілікте өңдеу кезіндегі тұрақтандыру бағанасының жылу беру коэффициентін зерттеу тәсілдері қарастырылған. Газаоконденсатты кен орындардағы пайдаланылатың тұрақтандыру бағанасының жалпы технологиясын жетілдіру кезіндегі бағана ішіндегі жылу беру коэффициенті саптаманың конустық беті бойынша аққан сұйық пленкасына әсер ететін күштер тамшыдағы қысым және бөліну бетіне іш жақтан әсер ететін динамикалық қысым тепе-теңдігі жағындағы тамшы сұйық ағынының толқынды ыдырауына талдау жасау нәтижесінде, пленканың қалыңдығы, оның орташа шығындағы жылдамдығы, ағынның жылдамдығы және диаметрі, сондай-ақ тамшы диаметрі анықталған. Ұсынылған теңдеулер аппараттың тәртіптік және конструктивтік параметрін, сондай-ақ бірігіп әрекет ететін ағындардың физикалық қасиеттерін есепке алуға негізделіп орындалған.
Тірек сөздер: тұрақтандыру бағанасы, жылу беру коэффициенті, гидравликалық кедергі, газдық фаза.
https://doi.org/10.55956/WNFV2601
Аңдатпа. Ерте кезден өсімдікті адамзат тек тағамдық мақсатта ғана пайдаланбады, яғни өсімдіктерді дертке шипа, дәрілік мақсатта да тұтынды. Бүгінде дәрі-дәрмектердің 40% - ы өсімдіктерден алынады. Мәселен, жүрек ауруына қарсы дәрі-дәрмектердің 70%, ішек, бауыр ауруларына қарсы дәрі-дәрмектердің 75%, жатыр ауруларына қарсы дәрі-дәрмектердің 80%, қақырық түсіретін дәрілердің 80%, жүрек ауруына қарсы дәрі-дәрмектердің 65%, бауыр ауруларына қарсы дәрідәрмектердің 75%, қан тоқтататын препараттардың 65% тек өсімдіктерден алынады. Аталған көрсеткіштер өсімдіктердің адам өміріндегі маңыздылығын сипаттайды. Мақалада дәрілік мақсатта үлкен маңызға ие және жиі пайдаланылатын өсімдік– ағаш тәрізді алоэның табиғи шикізаты жапырағынан экстракт дайындау технологиясы ұсынылды. Сонымен бірге ағаш тәрізді алоэның ботаникалық ерекшеліктеріне, таралу аймағына және химиялық құрамына сипаттама берілді.
Тірек сөздер: ағаш тәрізді алоэ (Aloe arborescens Mill.), дәрілік өсімдік, алоэ экстракты, хроматография әдісі, химиялық құрам.
https://doi.org/10.55956/FNEL9412
Аңдатпа. Былғары өндірісінің қалдықтарының едәуір бөлігі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылады. Тері өнеркәсібінің қалдықтарын ҚТҚ полигондарында көму кезінде азот, күкірт және көміртегі бар органикалық заттардың биохимиялық ыдырауы тез тотығады, олар кейіннен қышқыл жаңбыр түрінде жерге түседі. Көбінесе былғары кәсіпорындарының қалдықтары ысырап болып, қоршаған ортаға Ұшпа көміртегі, азот оксидтері, сондай-ақ хром оксидтері түрінде айтарлықтай зиян келтіреді. Бөлшектер тақталарын жасау үшін механикалық беріктік, гидрофобия, ультракүлгін сәулелену, жылу тұрақтылығы және бактериялардың әсеріне төзімділік стандарттарына сәйкес келетін әмбебап байланыстырғышты таңдау қажет. Байланыстырғыштың осындай түрлерінің бірі былғары өндірісінің қалдықтары болуы мүмкін. Тері қалдықтарын пайдалану қоршаған ортаға антропогендік әсерді азайтады.
Тірек сөздер: былғары өнеркәсібі, былғары қалдықтары, ағаш, плиталар, қалдықсыз технология.
https://doi.org/10.55956/CCFD2947
Аннотация. В работе комплексно исследованы физико-химические свойства растворов салицилата натрия в диметилсульфоксиде в интервале концентраций 0,1 - 1,0 моль·дм-3 при различных температурах и атмосферном давлении. Получены зависимости практически важных свойств исследуемых растворов от концентрации в температурном интервале 20-60 оС. Определены значения относительной вязкости (ηr) и кажущихся молярных объемов (Vφ). С применением уравнения Лоренц-Лоренца рассчитаны индексы молярной рефракции (RD). Во всём температурном интервале определены параметры Массона (Vϕ 0 , Sv) и Джонса-Доула (коэффициенты А и В), что позволило установить характер взаимодействий частиц растворённого вещества и растворителя в исследуемых растворах.
Ключевые слова: диметилсульфоксид, салицилат натрия, уравнение Джонса-Доула, параметры Массона, физико-химические свойства растворов.
https://doi.org/10.55956/YELH7651
Аңдатпа. Зерттеу мақсаты – автоматтандыру және басқару бағытында білім алатын студенттерді бағдарламаланатын логикалық контроллер негізінде жарықтандыруды басқару жүйелерін жасап, релелік-контактілі схемалар тілінде контроллерді бағдарламалауға үйрету. Мақалада Mitsubishi сериялы контроллер мысалында техниканың түрлі салаларында автоматтандыруды іске асыру үшін контроллерді практикалық пайдаланужұмыстары қарастырылған. Ғылыми жұмыста негізгі назар релелік-контактілі схемалардың тіліне аударылады. Ғылыми жаңалық пәтердің жарықтандыруды басқару схемасының релелікбағдарламасын жазғаннан кейін пәтерді жарықтандыру схемасын «Бағдарламаланатын логикалық контроллерге негізделген жарықтандыруды басқару» зертханалық стендінде жинау болып табылады. Релелік диаграмманы бағдарламалаудың артықшылығы логикалық қосылыстарды графикалық түрде көрсету болып табылады. Электрлік пен басқару құрылғыларын пайдалану кезінде талап етілетін заманауи контроллерлер деректерді тез өңдеп, процестерді автоматты түрде басқарады.
Тірек сөздер: контроллер, басқару, коммутация, диод, реле, диаграмма, алгоритм.
https://doi.org/10.55956/BVOE3084
Аңдатпа. Мақалада Абай мен Шәкірімнің адамгершілік жайлы көзқарастары салыстырыла отырып, түсініктеме берілді. Абай Құнанбаевтың адамгершілік, тәрбие мәселесіне философиялық-педагогикалық көзқарастары қарастырылады. Әр адамның өмірінде моральдық принциптер мен адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың іргелі жалпыадамзаттық мәселелеріне ерекше назар аударылады. Абай мен Шәкәрімнің поэтикалық шеберлігін шексіз, терең мұхитпен салыстыру болып табылады. Сөздің керемет суретшісі, нәзік лирик, сөз шебері және бәрінен бұрын өте ақылды ақын екедіктері айтылады. Бұл пікір олардың өмір аспектілері туралы әндерімен, философиялық дүниетанымымен және дана сөздерімен, әсіресе дін туралы ойлары мен идеяларымен байланысты.
Тірек сөздер: адамгершілік тәрбие, қағидаттар, әл-ауқат, гуманистік бағыт, ұйымдар, ілім.