Home - Current issue - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-4 - Екінші сүт ресурстарын кешенді пайдалану
Екінші сүт ресурстарын кешенді пайдалану
https://doi.org/10.55956/MXGY8556
Аңдатпа. Жұмыста функционалды тамақ өнімдерін өндіру қазіргі заманғы тамақ өнеркәсібі үшін өзекті міндет болып табылатыны көрсетілген. Екіншілік сүт шикізатынан – сүт сарысуынан функционалды асқабақ сүті десертінің рецептурасы мен технологиялары зерттелді. Органолептикалық сипаттамаларды жақсарту және емдік-профилактикалық әсер беру үшін асқабақты қолдана отырып, сүтті десерттің прототиптері жасалды. Қантты алмастырғыш ретінде сүтті десертті жасау кезінде желеге функционалды қасиеттер беру үшін стевиогликозид Е960-стевия сығындысы колданылды. Зерттеу нәтижелері негізінде енгізілген құрылымдық құрылысшылардың оңтайлы концентрациясы анықталды, функционалды сүт десертін дайындаудың технологиясы жасалды, энергетикалық құндылығы анықталды. Асқабақты толтырғышын қолдану бай дәрумендер құрамы, флавоноидтар, макро- және микроэлементтер мен биологиялық белсенді заттар арқылы десерттердің биологиялық құндылығын арттыруға мүмкіндік беретіні анықталды. Теңдестірілген құрамның поликомпонентті функционалды өнімдерін жасау үшін өсімдік тектес компоненттері бар қайталама сүт шикізатын біріктіріп пайдалану перспективасы белгіленді.
Тірек сөздер: сүт, сүт сарысуы, функционалды десерттер, асқабақ, витаминдер, сапа көрсеткіштері.
Байжанова, Ш.Б. Екінші сүт ресурстарын кешенді пайдалану [Мәтін] / Ш.Б. Байжанова, З.К. Конарбаева, Ж.Б. Калдыбекова //Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №4(86). – Б.84-95. https://doi.org/10.55956/MXGY8556