Home - Current issue - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-4 - Биологиялық белсенді компоненттерді қолдану негізінде сүт өнімдерінің технологиясын жетілдіру
Биологиялық белсенді компоненттерді қолдану негізінде сүт өнімдерінің технологиясын жетілдіру
https://doi.org/10.55956/UEQX1364
Аңдатпа. Табиғи тамақ шикізатын пайдалану негізінде биологиялық құндылығы жоғары өнімдердің технологиясын әзірлеу және өндіру «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасында тұжырымдалған маңызды міндеттер болып табылады. ДДҰ ФАО, сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдар микроэлементтер мен дәрумендердің жетіспеушілігі әртүрлі ауруларға, атап айтқанда жүрек-қан тамырлары, аллергиялық, аутоиммунды және инфекциялық ауруларға әкелетінін анықтады. Емдік-профилактикалық мақсаттағы тамақ өнімдері технологиясын дамытудың перспективалы бағыттарының бірі сүт өнімдері технологиясында биологиялық белсенді компоненттердің құрамында теңдестірілген қолдану болып табылады. Сондай-ақ, әзірленген тағамдық қоспалар сиыр уызын байыту үшін қолданылады. Мақалада БАД – BIO-AP-IRGA сүт өнімдерінің құрамы мен қасиеттеріне әсерін анықтау бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Сүзбенің тәжірибе үлгісінде антиоксиданттық белсенділік пен фенолдық қосылыстардың жоғарылауы анықталды, сонымен қатар С витаминінің айтарлықтай жоғарылауы байқалды.
Тірек сөздер: диеталық қоспалар, сүт, уыз сүті, ирга, полифенолдар, С дәрумені.
Макангали, Қ.Қ. Биологиялық белсенді компоненттерді қолдану негізінде сүт өнімдерінің технологиясын жетілдіру [Мәтін] / Қ.Қ. Макангали, Т.Ч. Тултабаева, Г.Н. Жакупова, А.Т. Сағандық, А.Х. Мулдашева, А.Т. Ахметжанова //Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №4(86). – Б.41-48. https://doi.org/10.55956/UEQX1364