Главная - Текущий выпуск - Механика и технологии - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-4 - Дайындық дәрежесі жоғары коэкструдирленген көп дәнді өнімдердің сапа мен қауіпсіздік көрсеткіштерін зерттеу
Дайындық дәрежесі жоғары коэкструдирленген көп дәнді өнімдердің сапа мен қауіпсіздік көрсеткіштерін зерттеу
https://doi.org/10.55956/GAOH8325
Аңдатпа. Дайындық дәрежесі жоғары экструдирленген тағамдардың қоректік және тағамдық құндылығын арттыру жолдарының бірі – құрамында дәрумендер мен амин қышқылдарымен байытылған биологиялық белсенді компоненттерді қосу технологиясы болып табылады. Коэкструдирленген азық-түлік өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде жеміс-жидек шикізаты қолданылады, бұл әзірленіп жатқан өнімнің дәмдік қасиеттерін едәуір жақсартады. Бұндай технологияны жаппай енгізуге экструзия және коэкструзия процестерінің аз зерттелгендігі кедергі келтіреді, нәтижесінде әртүрлі тамақ орталарын өңдеудің оңтайлы параметрлерін негіздеу үшін қажетті әмбебап эксперименттік қондырғыларды құруға кедергі келтіретін ғылыми және практикалық базаның жетілмегендігін айтуға болады. Екінші жағынан, дұрыс және ұтымды тамақтануды насихаттаудың болмауы жоғары калориялы және жоғары энергиялы диетаға бейім халықтың тамақтануында ұлттық ерекшеліктердің болуына байланысты осы санаттағы тағамдарды жаппай диетаға қосуды қиындатады. Сондықтан жеміс-жидек қоспалары бар дайындық дәрежесі жоғары көп дәнді өнімдердің сапа мен қауіпсіздік көрсеткіштерін зерттеу өзекті болып табылады.
Тірек сөздер: экструзия, коэкструзия, дайындық дәрежесі жоғары коэкструдирленген өнімдер, биологиялық белсенді компоненттер, жеміс-жидек шикізаты, көп дәнді азық-түлік, функционалды тамақтану, салма толтыру.
Оспанов, Ә.Ә. Дайындық дәрежесі жоғары коэкструдирленген көп дәнді өнімдердің сапа мен қауіпсіздік көрсеткіштерін зерттеу [Мәтін] / Ә.Ә. Оспанов, Н.Ж. Муслимов, А.К. Тимурбекова, А.Т. Алмаганбетова //Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №4(86). – Б.155-165. https://doi.org/10.55956/GAOH8325