Главная - Текущий выпуск - Механика и технологии - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-4 - Көлік жөндеу орталығының автоэлектрик арнайы киім жиынтығын дайындауда сапалық көрсеткіштерін зерттеу
Көлік жөндеу орталығының автоэлектрик арнайы киім жиынтығын дайындауда сапалық көрсеткіштерін зерттеу
https://doi.org/10.55956/KTKC9557
Аңдатпа. Автомобиль электриктері автомобильдердің электр жүйелерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етудегі негізгі функцияларды атқарушы болып табылады. Автоэлектриктердің жұмысы ерекше қауіптерді қамтитындықтан, олардың киімдерінің қорғау деңгейі жоғары, берік және ыңғайлы болуы аса маңызды. Мақалада арнайы автоэлектрик қызметкерлеріне арналған киім жиынтығына қолданылатын материал пакетінің физикалық-механикалық көрсеткіштері зерттеледі. Зерттеу барысында арнайы киім жиынтығының аралас фактуралы материал пакетінің су өткізбеу қасиетін, ауа өткізгіштік көрсеткіштері және мата бояуының тұрақтылығы талданды. Автоэлектриктер жиі электр тоғымен жұмыс істейтіндіктен, олардың киімі антистатикалық, электр өткізбейтін және су өткізбейтін болуы керек, ауа өткізгіштігі мен бояуының тұрақтылығы жоғары көрсеткіштерге жауап беруі керек. Эргономикалық талаптарды қанағаттандыру үшін, қолданылатын аралас фактуралы материалдар пакетінің құрылымдық ерекшеліктері маңызды рөл атқарады және қызмет көрсетудегі қауіпсіздік талаптарына сәйкестігімен бағаланады. Арнайы автоэлектриктердің күнделікті жұмысы киім жиынтығының сапасын арттыру, эргономикалық және еңбек қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету, ұзақ мерзімділік пен жайлылықты үйлестіру мақсатында аралас фактуралы материал пакетінің сынақтық үлгілеріне зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде, жоғарғы көрсеткіштегі екінші сынақтық үлгідегі аралас фактуралы материал пакетінен автоэлектрик арнайы киім жиынтығы дайындалды.
Тірек сөздер: автоэлектрик, арнайы киім жиынтығы, материал пакеті, физикомеханикалық көрсеткіші, аралас фактуралы.
Кучарбаева, К.Ж. Көлік жөндеу орталығының автоэлектрик арнайы киім жиынтығын дайындауда сапалық көрсеткіштерін зерттеу [Мәтін] / К.Ж. Кучарбаева, Ш.Б. Сәрсенбек, Г.С. Шайзаданова //Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №4(86). – Б.387-395. https://doi.org/10.55956/KTKC9557