Главная - Текущий выпуск - Механика и технологии - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-4 - Ет өңдеу комбинатының ағынды суларын тазалаудың интеграцияланған технологиясы
Ет өңдеу комбинатының ағынды суларын тазалаудың интеграцияланған технологиясы
https://doi.org/10.55956/IOOJ5201
Аңдатпа. Бұл мақалада зерттеу нысаны ретінде ет өңдеу комбинатының ағынды суларын тазалау технологиясы мен тазаланған суларды өндіріс орнында қайта пайдалану әдісі қарастырылды. Ет өңдеу өнеркәсібінде әзірленген әдісті іске асыру мысалдары қарастырылды. Зерттеу барысында ет өңдеу саласының ағынды суларын кәдеге жарату әдістемесін енгізу бойынша әлемдегі қазіргі таңдағы жағдай және оның тиімділігі қарастырылды, сонымен қатар, осы мәселе бойынша практикалық және теориялық материалдар сипатталды. Ет өңдеу комбинатының ағынды суларын тазартудың қолданыстағы технологиялық схемасында қайта өңдеу әдісін енгізу нұсқасы ұсынылды. Бұл мақалада тазарту қондырғыларының тиімділігін жоғарылататын технологиялық сұлба ұсынылып отыр және ет өндірісінің ағынды суларын тазартудың құрамы мен әдістері туралы деректерді ақпараттық талдау негізінде бұл мақалада адсорбенттің тұрақты құрылымы бар аппараттың конструкциясы ұсынылды. Жабдықтың төлқұжатынан алынған мәліметтер негізінде ағынды суларды тазарту тиімділігі анықталды. Зерттеудің соңында ағынды суларды тазартудың қолданыстағы технологиялық схемаларына сәтті интеграциялау үшін осы әдісті өндіріс орнындарына енгізудің маңыздылығы туралы қорытынды жасалды.
Тірек сөздер: белсендірілген көмір, қайта өңдеу, климат, өндірістік ағынды сулар, технология, адсорбция, тамақ өндірісі, ет өндірісі, коагулянт, флотатор.
Джамалова, З.И. Ет өңдеу комбинатының ағынды суларын тазалаудың интеграцияланған технологиясы [Мәтін] / З.И. Джамалова, Б.М. Калдыбаева, А. Жолшыбек, А.Е. Хусанов, Р.Ш. Абиев //Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №4(86). – Б.293-303. https://doi.org/10.55956/IOOJ5201