Главная - Текущий выпуск - Вестник Dulaty University - Жаңа номер - Dulaty University хабаршысы - Dulaty University хабаршысы 2024-4 - Ақын-сатирик Шона Смаханұлының шығармашылық мұрасы
Ақын-сатирик Шона Смаханұлының шығармашылық мұрасы
https://doi.org/10.55956/MALD9006
Аңдатпа. Мақалада ақын-сатирик Шона Смаханұлының шығармашылық мұрасы кең түрде қарастырылады. Өмірі мен кезеңіне, қоғамдық қызметінің маңызды тұстарына назар аударылып, ел мүддесіне қатысты көзқарастары, ұлт мұратын айқындаған ұстаным жүйесі шығармашылық мақсат-мұраттарымен байланыста өріс алады. Маңыздысы, тақырыбы мәнді, жанр жүйесі айқын, мазмұны байтақ – әзіл-әжуа, сын-сықақ, шаншыма-шымшымалары әр қырынан ашылып, қоғамның өзекті тұстарын, заман шындығын, адам әлемінің мың сан қатпариірімдерін өткір тіл, орамды ой, шымыр шумақтарымен жүйелі жеткізулері терең талдау, зертеу-зерделеулер негізінде байыпты беріледі. Әсіресе, «Кездік», «Жасырайық несіне», «Жымияды жеңешем», «Елпекбайдың тентегі», «Өткірдің жүзі», «Таңдамалы шығармалар» атты әр жылдары жарық көрген туындылары зерттеу нысаны етіліп, ондағы ел мүддесі, ұлт мұратына қатысты дүниетаным арналары, қоғамдағы келеңсіз-кереғар көріністер, адамдар қарым-қатнасындағы әр алуан көрініс-суреттер бірде әзіл-әжуа, келесі кезекте сын-сықақ, шаншыма-шымшыманың өзегіне айналған тұстары байыпты бағалау, терең талдау, зерделі зерттеу жүйесі етіледі. Нәтижесінде, ақын-сатирик Ш.Смаханұлының шығармашылық мұрасы, тақырыптық арнасы, жанрлық-көркемдік ерекшеліктері, қоғамдық құбылыс, заман шындығы, адам болмысы мен еңбек мұраттары, әрекет-қимылдарына қатысты тұстары, көзқарасұстанымдары ақиқат аясында, шынайы шындықтар тұрғысында мәнді-нәрлі, сенімді сипат алады. Авторлық ұстаным, тақырыптық ерекшелік, көркемдік дүниетаным арналары да әр қырынан қарастырылып, мәнді сипаттармен жүйелі өріс алады.
Тірек сөздер: автор, ақын, жанр, көркемдік, үдеріс, мәтін, тақырып, тіл, ой, сөз, сатира, стиль