Главная - Текущий выпуск - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-4 - Кептірілген жеміс тағамының пайдасы
Кептірілген жеміс тағамының пайдасы
https://doi.org/10.55956/FNTM2635
Аңдатпа. Мақала ауыр және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын жұмысшылар үшін арнайыландырылған тамақтанудың маңыздылығына арналған. Мұндай жұмысшылар үшін қажетті қуат деңгейін қамтамасыз ететін, олардың денсаулығын қалпына келтіруге және сақтауға ықпал ететін тамақтану маңызды екендігі көрсетілген. Бұл жұмысшылардың тамақтануында антиоксиданттардың рөлі ерекше атап өтіледі. Соңғы кездерде баклажан қабығы, бөріқарақат және қара өрік адам денсаулығына оң әсер етуі мүмкін антиоксиданттардың жоғары болуына байланысты ғалымдардың назарын аударды. Бұл тағамдардағы антиоксиданттар жасушаларды бос радикалдардың зақымдануынан қорғауға және осылайша әртүрлі аурулардың пайда болу қаупін азайтуға қабілетті. Бұл тағамдардағы антиоксиданттардың нақты деңгейі мен сорттарын анықтау және олардың адам ағзасына әсерін тереңірек түсіну үшін зерттеулер жүргізілуде. Консервілеу, дегидратация, экстракция және ашыту сияқты заманауи өңдеу әдістерін қолдану тағамдағы антиоксиданттардың сақталуына және жойылмауын ықпал етеді. Осы саладағы зерттеулер антиоксиданттарды өндіру, сақтау және тұтыну процесінде жақсы сақтауға және тұрақтандыруға қабілетті өнімдерді әзірлеуге бағытталған. Бұл салауатты өмір салтын қолдайтын функционалды өнімдер нарығының өсуіне мүмкіндік береді.
Тірек сөздер: антиоксиданттар, жемістер, көкөністер, баклажан, бөріқарақат, қара өрік.
Шамбулова, Г.Д. Кептірілген жеміс тағамының пайдасы [Мәтін] / Г.Д. Шамбулова, Ж.Ә. Нұрсейітова //Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №4(86). – Б.76-83. https://doi.org/10.55956/FNTM2635