Главная - Архив - Механика и технологии - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-3 - Хризотил-асбест қалдығын магний тұздарына қайта өңдеудің технологиясы және оның экологиялық маңызы

Хризотил-асбест қалдығын магний тұздарына қайта өңдеудің технологиясы және оның экологиялық маңызы

Автор: А.П. Ауешов1, К.Т. Арынов2, Ч.З. Ескибаева3, А.К. Диканбаева4, А.М. Тасболтаева5

1,3,4,5М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан
2Инновациялық зерттеулер және технология институты, Алматы қ., Қазақстан
Бет 358-366

https://doi.org/10.55956/IHHK1114

Аңдатпа. Жұмыста өнеркәсіптік («Қостанай минералдары» АҚ) шаңтәрізді асбестқұрамдас қалдықтарды (ШАҚ) қышқылмен өңдеудің тәжірибелік белгіленген шарттары мен режимдеріне сүйене отырып, құрамында негізінен серпентинит тобының минералдарынан (антигорит, хризотил және лизардит) тұратын шаңтәріздес қалдықтарды (ШАҚ) қайта өңдеу схемасы жасалған, мұнда MgO және SiO2 мөлшері 32-38 мас.% және 35-40 мас.%. сәйкес құрайды. ШАҚ-ты қышқылдық шаймалдау кезінде күкірт, тұз, азот қышқылдарын қолдана отырып,магний тұздарын MgSO4, MgCl2 және Mg(NO3)2 алудың жағдайлары келтірілді. Сонымен қатар, алынған магний тұздарының сапасы қазіргі заманғы сапа стандарттарына сәйкес келетіндігі, ал қышқылдарда ерімейтін қалдықтардың бетінде оның физика-химиялық қасиеттерін, соның ішінде оның қоршаған ортаға зиянды әсерін әлсірететін поликремний қышқылының тығыз аморфталған қабаты пайда болатындығы анықталды. Алынған мәліметтер мен тұжырымдар ШАҚ қалдықтардың күкірт, тұз және азот қышқылдарымен өзара әрекеттесулері барысында түзілетін реакция өнімдерін химиялық және рентгенофазалық талдаулардың нәтижелерінің негіздерінде тұжырымдалып, алынған магний тұздарының сапасы қолданыстағы, осы тұздарға арналған МЕМСТ-ғы көрсеткіштерімен салыстыра отырып анықталды. Магний сульфаты, хлориді және нитратын алу жағдайларының технологиялық өлшемдері мен шарттары берілді. Зерттеу нәтижелерінде хризотил-асбестті өндіру мен байытудың өндірістік шаңтәрізді асбестқұрамдас қалдықтарын кәдеге жаратудың экологиялық-ресурстық үнемдеу технологиясы ұсынылды.

Тірек сөздер: хризотил-асбест, шаңтәрізді асбестқұрамдас қалдық, магний сульфаты, магний хлориді, магний нитраты, қоршаған орта.

Ауешов, А.П. Хризотил-асбест қалдығын магний тқздарына қайтаөңдеудің технологиясы және оның экологиялық маңызы [Мәтін] / А.П. Ауешов, К.Т. Арынов, Ч.З. Ескибаева, А.К. Диканбаева, А.М. Тасболтаева // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №3(85). – Б.358-366. https://doi.org/10.55956/IHHK1114

(PDF)