Главная - Архив - Механика и технологии - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-2 - Аралық энергиялардағы не изотоптарындағы адрондардың серпімді шашырауы
Аралық энергиялардағы не изотоптарындағы адрондардың серпімді шашырауы
https://doi.org/10.55956/PRTV3699
Аңдатпа. Жұмыста Глаубердің көпреттік шашырауының дифракциялық теориясы негізінде аралық энергиялардағы 3Не және 4Не изотоптарындағы серпімді шашырауы зерттелді. 3Не изотобының ішкі күйі қарапайым осциляторлық функциямен сипатталған. Бұл функция берілген ядроның статистикалық сипаттамаларын жақсы қайталайды. 4Не құрылымсыз бөлшек тәрізді қарастырылады. Жұмыста жасалған есептеу схемасы бірреттік, екі- және үшреттік шашыраулардың қимадағы үлесін бөліп алуға мүмкіндік береді. Олардың әрқайсысы нақты берілген импульстар кезінде басым болады. 3Не үшін есептеу нәтижелері ұшып келетін протондардың екі түрлі 600 және 715 МэВ энергиялары кезіндегі эксперимент нәтижелерімен салыстырылады және олармен жақсы үйлеседі. 4Не изотобындағы шашырау үшін 560 МэВ энергиялары кезіндегі нәтижелер келтірілген. Барлық графиктерде қиманың абсолюттік мәнінің, сондай ақ дифракциялық минимумның орнының да сипатталуы қанағаттанарлық. Дайындалған есептеу схемасы және элементар нуклон-нуклондық амплитуданың табылған параметрлері маңызды болып табылады, себебі оларды анағұрлым күрделі үрдістерді талдау үшін қолдануға болады.
Тірек сөздер: Глаубердің дифракциялық теориясы, жеңіл ядролардың кластерлік құрылымы, адрон-нуклондық элементар амплитуда, дифференциалдық қима, 3Не және 4Не ядроларының құрылымы, шашырау операторы.
Иманбек, О. Аралық энергиялардағы Не изотоптарындағы адрондардың серпімді шашырауы [Мәтін] / О. Иманбек, Г. Абдраманова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №2(84). – Б.458-467. https://doi.org/10.55956/PRTV3699