Главная - Архив - Механика и технологии - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2024-2 - Симменталь сиырларының уыз сүтінің физика-химиялық құрамын тамақ өнімдерін өндіруге арналған шикізат ретінде зерттеу
Симменталь сиырларының уыз сүтінің физика-химиялық құрамын тамақ өнімдерін өндіруге арналған шикізат ретінде зерттеу
https://doi.org/10.55956/QPRI2056
Аңдатпа. Ұсынылған мақалада Ақмола облысының симментальды тұқымды сиырларының уыз сүтінің сапасын зерттеу нәтижелері келтірілген. Сиыр уызында биологиялық белсенді заттардың едәуір мөлшері бар, бұл оны функционалды бағыттағы өнімдер технологиясында қолдануға мүмкіндік береді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде сиыр уызының химиялық құрамы сиырларды төлдеу кезеңінен бастап өткен уақытқа байланысты екендігі анықталды. Төлдегеннен кейінгі бірінші күні сауылған уыз сүтіндегі ақуыз мөлшері 24 және 36 сағаттан кейін сауылған уыз сүтінен үш есе жоғары екені анықталды. Сондай-ақ, уыз сүтінде 1 күн және 2 күн құрғақ заттардың жоғары мөлшері анықталды. Биологиялық белсенді компоненттердің кең спектрін ескере отырып, мамандандырылған тамақ өнімдерін әзірлеуге болады.
Тірек сөздер: биологиялық белсенді қоспалар, сүт, уыз, химиялық құрамы.
Тултабаева, Т.Ч. Симменталь сиырларының уыз сүтінің физика-химиялық құрамын тамақ өнімдерін өндіруге арналған шикізат ретінде зерттеу [Мәтін] / Т.Ч. Тултабаева, Г.Н. Жакупова, Қ.Қ. Макангали, А.Т. Сағандық, А.Х. Мулдашева, А.Т. Ахметжанова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №2(84). – Б.54-63. https://doi.org/10.55956/QPRI2056