Функционалды тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі

Автор: М.Е. Ержанова1, А.Б. Мынбаева2

1,2М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Бет 18-23

https://doi.org/10.55956/XKAN7647

Аңдатпа. Мақалада функционалды тамақ өнімдерін жасау мен өндірудің ғылыми негіздері, функционалдық тамақ өнімдерін байыту принциптері мен түрлері, тамақ өнімдерін функционалдық ингредиенттермен толықтыру принциптері мен түрлері, кейбір функционалды тамақ өнімдерін өндіру технологиялары қарастырылды. Функционалды тамақтану – халықтың денсаулығын жақсартудың бір жолы екендігін көпшілікке жеткізу маңызды. Әртүрлі елдердің көптеген тұрғындары үшін функционалдық тағамдарды тұтыну арқылы тек қана емдеу емес, түрлі аурулардың алдын алуда көмектесетіні белгілі болды. Бұл өз кезегінде функционалдық азық-түлік өнімдеріне тұтынушылық сұраныстың тұрақты өсуін қамтамасыз етеді.

Тірек сөздер: функционалдық тамақтану, дәрумен, тамақ өнімдері.

Ержанова, М.Е. Функционалды тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі [Мәтін] / М.Е. Ержанова, А.Б. Мынбаева // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2024. – №1(83). – Б.18-23. https://doi.org/10.55956/XKAN7647

(PDF)