Главная - Архив - Механика и технологии - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2023-4 - Жоғары оқу орнының оқу үрдісінде мамандарды даярлауда цифрлық ресурстарды пайдаланудың тиімділігі
Жоғары оқу орнының оқу үрдісінде мамандарды даярлауда цифрлық ресурстарды пайдаланудың тиімділігі
https://doi.org/10.55956/MIIB7416
Аңдатпа. Бүгінде бәсекелестіктен туындайтын актуалды мәселелер оқу үрдісін жаңартуға алып келеді. Дегенмен дамыған елдерге қарайтын болсақ, цифрлық қоғамды құру үшін жоғары оқу орнының оқу үрдісін заман талабына сай жаңартып отыру қажет. Цифрлық жаңару үрдісі негізінде цифрлaндырудың мемлекеттік бағдарламасы eнгізілді. Цифрлық ресурстарды пайдалану арқылы бәсекеге қабілетті және кәсіби құзыреттіліктерді меңгерген мамандар даярлануда. Мақала мазмұнында жоғары оқу орнының оқу үрдісінде мамандарды даярлауда цифрлық ресурстарды пайдаланудың тиімділіктері қарастырылған. Бүгінгі таңда бәсекелестікке байланысты туындайтын өзекті мәселелер білім беру процессінің жаңаруына алып келеді. Алайда, дамыған елдерге қарасақ, цифрлық қоғам құру үшін қазіргі заманғы талаптарға сәйкес жоғары оқу орнының білім беру процесін жаңарту қажет. Цифрлық жаңарту процессіне негізделген цифрландырудың мемлекеттік бағдарламасы енгізілді. Цифрлық ресурстарды пайдалана отырып, бәсекеге қабілетті және кәсіби құзыреттерге ие болған мамандарды даярлау жүргізіледі. Мақаланың мазмұны жоғары оқу орнының білім беру процесінде мамандарды даярлау кезінде цифрлық ресурстарды пайдаланудың артықшылықтарына қатысты. Білім алушылар цифрлық ресурстарды еркін және ашық түрде пайдаланады. Оқытушылар мен білім алушылар арасындағы байланыс кез-келген уақытта тікелей немесе цифрлық ресурстарда орнатылады. Оқу үрдісінде цифрлық ресурстардың дамуына байланысты оқытудың жаңа инновациялық технологияларын қолдануда. Оқытудың инновациялық технологиялар негізінде қашықтықтан оқыту жүйесі кеңінен қолданысқа енді. Цифрлық бейнені қалыптастыруды, яғни student life tack, EdTech цифрлық сервистерін дамытуды, цифрландырудың озық трендтеріне сәйкес үрдістерді оңтайландыру мен цифрлық экожүйені қалыптастыруды көздейді. Авторлар оқу үрдісінде мамандарды даярлау пәндері бойынша дайындалған электронды тасығыштарда, білім алушыларға жүргізілген сұхбат әдісінің нәтижелерін талдауда цифрлық ресурстарды пайдаланудың тиімділіктерін қарастырды.
Тірек сөздер: цифрлық жаңару, цифрландыру, мамандар даярлау, цифрлық ресурстар, цифрлік сервистер, құзыреттіліктер, қашықтан оқыту, онлайн оқыту.
Султанова, Г.А. Жоғары оқу орнының оқу үрдісінде мамандарды даярлауда цифрлық ресурстарды пайдаланудың тиімділігі [Мәтін] / Г.А. Султанова, Е.Ж. Тенизбаев, А.В. Алтухов // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2023. – №4(82). – Б.133-139. https://doi.org/10.55956/MIIB7416