Главная - Архив - Механика и технологии - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2023-2 - Кондитерлік өнімдерді дайындау мен жобалаудағы инновациялық технологиялар
Кондитерлік өнімдерді дайындау мен жобалаудағы инновациялық технологиялар
https://doi.org/10.55956/ZJSW2011
Аңдатпа. Мақала кондитерлер десертті безендіру кезінде жиі қолданатын кондитерлік өнім мастиканы зерттеу жайында жазылған. Сонымен қатар мастика өндірісінің экономикалық тиімділігі де қарастырылды. Зерттреудің мақсаты екі түрлі рецептурадағы мастиканың жасалу технологияларындағы және органолептикалық көрсеткіштеріндегі айырмашылықты анықтап, салыстыру болды. Зерттеулер барысында осы екі бөлек рецептурамен дайындалатын екі мастика түрінің, яғни сүттен және желатиннен жасалған мастика ерекшеліктері, артықшылықтары, кемшіліктері және органолептикалық көрсеткіштері анықталды. Зерттеудің маңыздылығы мастика өндірісіндегі ұтымды рецептураны анықтап, сол арқылы экономикаға жақсы жағынан әсер ету. Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында, алдымен, жалпы кондитерлік аумағында мастика кондитерлік өнімін дайындауда қолданылатын барлық инновациялық технологиялар мен техникалар анықталып, зерттелді. Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында «Салтанат» ЖШС кондитерлік цехында әртүрлі технологиямен және әртүрлі шикізаттан дайындалатын мастика өнімін өндірудің экономикалық тиімділігі есептелді. Талдау барысында МемСТ 5904 стандарты қолданылды және барлық талдау нәтижелері кестелерде көрсетілді. Нәтижелер бойынша сүттен жасалған мастика қымбат болғанымен, сапасы жақсы әрі оңай дайындалады, алайда желатиннен жасалған мастиканың арзан болатынын байқауға болады. Зерттеу нәтижесінің мақсаты орындалды.
Тірек сөздер: мастика, органолептикалық көрсеткіш, экономикалық тиімділік, сүт, желатин, кондитерлік, өндірістің технологиясы.
Аубакирова, Г.Е. Кондитерлік өнімдерді дайындау мен жобалаудағы инновациялық технологиялар/ Г.Е.Аубакирова, А.М. Саидов, Г.К. Есеева, З.К. Молдахметова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2023. – №2(80). – Б.70-79. https://doi.org/10.55956/ZJSW2011