Главная - Архив - Механика и технологии - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2023-1 - Өсімдік шикізаттары қосылған тұтас дәнді бидай ұнынан дайындалған нан өнімінің физикалық қасиеттерін зерттеу
Өсімдік шикізаттары қосылған тұтас дәнді бидай ұнынан дайындалған нан өнімінің физикалық қасиеттерін зерттеу
https://doi.org/10.55956/JVPP6017
Аңдатпа. Математикалық моделдеу арқылы графикалық талдау бойынша «Денсаулық» наны үшін алынған лизоцимі бар биологиялық кешен – 0,25 %, итмұрын – 2,86 %, күнжіт – 6,9 % және чиа – 7,13 % оңтайлы мөлшердегі биологиялық белсенді қоспа мен өсімдік шикізаттарының үйлесімді әсерінен алынған дайын нан сынамасын «BVM-L370LC –нан көлемін өлшегіш» қондырғысының көмегімен өнімнің ені, ұзындығы, салмағы, диаметрі, биіктігі, тығыздығы, көлемі, меншікті көлемі сияқты физикалық қасиеттеріне 3D көрініске сипаттама беру арқылы талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде алынған физикалық көрсеткіш мәндерін салыстыру барысында биологиялық белсенді кешен мен өсімдік шикізаттары қосылған нан сынамасының көрсеткіштерінің жақсарғаны байқалды. Чиа мен күнжіт дәндерінің сыртқы қауызындағы ақуыз қабатының тұтас дәнді бидай ұнындағы амин қышқылдық тізбектерімен бірлесіп, ұзына бойына қаңқа құра отырып, итмұрын ұнтағындағы С дәрумені кеуектердің құрылымын қатайту арқылы физикалық қасиеттерді жақсартады.
Тірек сөздер: биологиялық белсенді кешен, өсімдік шикізаттары, физикалық көрсеткіштер, нан сынамалары, тұтас дәнді бидай наны.
Алашбаева, Л.Ж. Өсімдік шикізаттары қосылған тұтас дәнді бидай ұнынан дайындалған нан өнімінің физикалық қасиеттерін зерттеу [Мәтін] / Л.Ж. Алашбаева, Н.В. Иванникова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2023. – №1(79). – Б.28-33. https://doi.org/10.55956/JVPP6017