Главная - Архив - Механика и технологии - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2022-3 - Ұлттық өнім талқанды таблеттеу
Ұлттық өнім талқанды таблеттеу
https://doi.org/10.55956/MFTH3996
Аңдатпа. Талқанды таблеттеу оның тауарлық және тұтынушылық қасиеттерін жақсартады, сонымен қатар дайын өнімнің сақтау мерзімін ұлғайтуға мүмкіндік туғызады. Таблеттелген талқанды кең тараған белгілі тәсілді қолдану арқылы, яғни пресс-пішіннің тұйық көлемінде бір осьті механикалық күштің әсерімен престеу арқылы алуға болады. Бұл және басқа белгілі тәсілдердің кемшілігі, ол таблеттелетін материалда орын алатын релаксациялық процестердің назарға алынбауы. Өйткені, сыртқы механикалық күштің әсерінен дән шикізатында жылжу, кернеу релаксациясы, серпімді соңғы әсер орын алды. Осы құбылыстарды ескеру өңдеуге шығындалатын күш пен энергияны үнемдеуге жағдай туғызады. Талқанды таблеттеудің тиімділігін арттыру үшін, шикізат алдын-ала пресспішіннің тұйық көлемінде механикалық қысымның әсерімен кернеу релаксациясының уақытқа байланысты өзгеруіне дейін белгілі уақытта ұсталынады. Осыдан кейін сапалы таблеттелген, пішіні мен өлшемдерін ұзақ уақыт сақтайтын тұтас материалды алу үшін престеу жүргізіледі.
Тірек сөздер: таблеттеу, релаксация, кернеу, престеу, тұйық көлем, пресс-пішін
Спандияров Е. Ұлттық өнім талқанды таблеттеу [Мәтін] / Е. Спандияров // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2022. – №3(77). – Б.27-31. https://doi.org/10.55956/MFTH3996