Главная - Архив - Механика и технологии - Механика және технологиялар 2022-1 - Қазақстанның гидрогеотермалдық және гидрогеоминералдық ресурстарының даму болашағы

Қазақстанның гидрогеотермалдық және гидрогеоминералдық ресурстарының даму болашағы

Автор: Н.Ш. Абдлахатова, А.Б. Токмолдаев
Бет 45-54

https://doi.org/10.55956/NSUF1895

Аңдатпа. Мақалада Қазақстанның баламалы энергия, минералды шикізат көздері ретінде жылу және өнеркәсіптік жер асты суларының дамуы қарастырылған. Қазақстанның гидрогеологиялық жағдайларына байланысты гидрогеотермалдық және гидрогеоминералды ресурстарды пайдалану бағыттарын бағалаудың отандық тәжірибесіне талдау жасалды. Термалды және өнеркәсіптік жер асты суларын игеру үшін қолайлы аймақтар ұсынылды. Батыс және Оңтүстік Қазақстан аудандарында термиялық және өнеркәсіптік жер асты суларын дамыту жобаларын іс жүзінде жүзеге асыру қажеттілігі негізделді.

Тірек сөздер: гидрогеотермалдық ресурстар, гидрогеоминералдық ресурстар, термиялық жер асты сулары, өнеркәсіптік жер асты сулары, ықтимал пайдалану қорлары.

Абдлахатова, Н.Ш. Қазақстанның гидрогеотермалдық және гидрогеоминералдық ресурстарының даму болашағы [Мәтін] / Н.Ш. Абдлахатова, А.Б. Токмолдаев // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2022. – №1(75). – Б.45-54. https://doi.org/10.55956/NSUF1895

(PDF)