Главная - Архив - Механика и технологии - Механика және технологиялар 2021-2 - Индуктивті-сыйымдылықты түрлендіргішті зерттеу

Индуктивті-сыйымдылықты түрлендіргішті зерттеу

Автор: Т.С. Жүсіп, А.А. Омарова, А.О. Жанпейісова, Н.Ш. Абдлахатова
Бет 106-112

https://doi.org/10.55956/XATB1105

Аңдатпа. Мақалада индуктивті-сыйымдылықты түрлендіргіш пен көпір түрлендіргіші негізінде сыйымдылықты энергияны сақтаудың ұтымды қорек схемасын таңдау мәселелері қарастырылған. Сондай-ақ, қосымша электромагниттік параметрлерді ескеруге және негізгі шығындарды есептеуге мүмкіндік беретін жоғары вольтты жоғары жиілікті трансформатордың нақтыланған моделі ұсынылған. Әзірленген модель негізінде электрмен жабдықтау схемалары оңтайландырылған. Бір циклді түрлендіргішті, итергіш-түрлендіргішті, көпір түрлендіргішті және индуктивті-сыйымдылықты түрлендіргіш пен көпір түрлендіргішті модельдеу жүргізілген. Соның негізінде электрмен жабдықтау тізбектері оңтайландырылған.

Тірек сөздер: транзисторлық инвертор, индуктивті-сыйымдылықты түрлендіргіш, конденсатор, зарядтау уақыты.

Жүсіп, Т.С. Индуктивті-сыйымдылықты түрлендіргішті зерттеу [Мәтін] / Т.С. Жүсіп, А.А Омарова, А.О. Жанпейісова, Н.Ш. Абдлахатова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2021. – №2(72). – Б.106-112. https://doi.org/10.55956/XATB1105

(PDF)