Главная - Архив - Механика и технологии - Механика және технологиялар 2021-2 - Жаңа түйіршікті сүзбе түрін әзірлеу және зерттеу

Жаңа түйіршікті сүзбе түрін әзірлеу және зерттеу

Автор: Ф.Т. Диханбаева, Г.С. Жунусова, Ж.Ж. Смайлова, А.Б. Есенова, А.А. Женисбекова
Бет 61-68

https://doi.org/10.55956/GMYR8201

Аңдатпа. Мақалада жаңа зығыр майы қосылған түйіршікті сүзбе өнімінің технологиясы, оның сапасы мен қауіпсіздік көрсеткіштерне жасалған зерттеулер нәтижелері көрсетілген. Әзірленген жаңа өнімнің органолептикалық көрсеткіштеріне, химиялық құрамына, дәрумендер мөлшеріне, ауыр металдар, антибиотиктер мөлшері мен микробиологиялық көрсеткіштеріне зерттеулер жүргізілді. Жаңа өнімнің құрамындағы ақуыздар - 15,21%, майлар - 18,5%, көмірсулар - 3,8% екені анықталды. Сонымен қатар, жаңа өнім құрамында А, Е, С, және В тобының дәрумендер мөлшері анықталды. Зерттеуге алынған жаңа өнім құрамындағы ауыр металдар, антибиотиктер мөлшері мен микробиологиялық көрсеткіштері КО ТР рұқсат етілген деңгейден аспайтыны көрсетілді.

Тірек сөздер: зығыр майы, түйіршікті сүзбе, дәрумендер, ауыр металдар, антибиотиктер.

Диханбаева, Ф.Т. Жаңа түйіршікті сүзбе түрін әзірлеу және зерттеу [Мәтін] / Ф.Т. Диханбаева, Г.С. Жунусова, Ж.Ж. Смайлова, А.Б. Есенова, А.А. Женисбекова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2021. – №2(72). – Б.61-68. https://doi.org/10.55956/GMYR8201

(PDF)