Главная - Архив - Механика и технологии - Механика және технологиялар 2021-1 - Өсіп-өнген бидай дәнінің ұнымен байытылған нан-тоқаш өнімдері
Өсіп-өнген бидай дәнінің ұнымен байытылған нан-тоқаш өнімдері
https://doi.org/10.55956/TLOC2956
Аңдатпа. Мақалада өсіп-өнген бидай дәнінен алынған ұнды қолдана отырып, нан-тоқаш бұйымдарын өндіру технологиясын зерттеу нәтижелері көрсетілген. Шикізаттың осы түрінің құрамы мен құндылығы келтірілген. Өсіп-өнген бидай негізінде көптеген дәрумендер, ақуыздар, макро- және микроэлементтер кіретін қабық пен алейрон қабатының қолайлы бөлігін мүмкіндігінше сақтауға мүмкіндік берілетіні атап өтілді. Шикізаттың осы түрінің нан өндірудің технологиялық үрдісіне әсері зерттелді. Өнімнің органолептикалық және физикалық-химиялық көрсеткіштері анықталды. Нәтижесінде, ең жақсы үлгі – өсіп-өнген бидай дәнінен алынған ұнның 15% мөлшері бар нан екені анықталды.
Тірек сөздер: нан-тоқаш бұйымдары, өсіп-өнген бидай, азықтық құндылық, ылғалдылық, қышқылдылық, кеуектілік, органолептикалық баға.
Саидов, А.М. Өсіп-өнген бидай дәнінің ұнымен байытылған нан-тоқаш өнімдері [Мәтін] / А.М. Саидов, Н.Д. Жангабылова, Ж.Е. Балгужинова, Б. Аманжол // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2021. – №1(71). – Б.70-76. https://doi.org/10.55956/TLOC2956