Главная - Архив - Механика и технологии - Механика және технологиялар 2021-1 - Өсімдік шикізатын пайдалана отырып, нан-тоқаш өнімдерінің технологиясын жасау
Өсімдік шикізатын пайдалана отырып, нан-тоқаш өнімдерінің технологиясын жасау
https://doi.org/10.55956/CIVL4550
Аңдатпа. Мақалада дәстүрлі емес өсімдік шикізаттын пайдаланып, жаңа нантоқаш өнімін алудың технологиясы сипатталған. Ғылыми зерттеудің мақсаты - өскен грек жаңғағын қолдана отырып, нан-тоқаш өнімдерін өндіру технологиясын жасау. Мақалада бидай ұнын 5-тен 20% - ға дейінгі концентрацияда өскен грек жаңғағы ұнына ауыстыра отырып, нан-тоқаш өнімдерін өндіру технологиясы қарастырылған. Физикалық-химиялық көрсеткіштері зерттеліп, дайын өнімдерге органолептикалық талдау жүргізілді. 5 және 15% жаңғақ қосылған нан-тоқаш өнімдері ең жақсы органолептикалық көрсеткіштермен сипатталды: оларда жұқа қытырлақ қыртысы, біркелкі ұсақ кеуектілігі бар біркелкі сарғыш үгінділер, айқын нан дәмі мен хош иісі болды. Өскен грек жаңғағынан алынған ұнның оңтайлы концентрациясы 15% құрайды.
Тірек сөздер: нан-тоқаш өнімдері, технологиялық процесс, өскен грек жаңғағы, сапа көрсеткіштер.
Леонидова, Б.Л. Өсімдік шикізатын пайдалана отырып, нан-тоқаш өнімдерінің технологиясын жасау [Мәтін] / Б.Л. Леонидова, Ж.Қ. Жадрасын // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2021. – №1(71). – Б.50-55. https://doi.org/10.55956/CIVL4550