Главная - Архив - Механика и технологии - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Әртекті материалдарды үйкеліспен дәнекерлеу үшін арналған арнайы құрылғының құрылымы
Әртекті материалдарды үйкеліспен дәнекерлеу үшін арналған арнайы құрылғының құрылымы
https://doi.org/10.55956/EZZT7810
Аңдатпа. Жұмыста әртекті материалдарды үйкеліспен дәнекерлеудің қолданыстағы технологияларын зерттеу нәтижелері, сондай-ақ токарлық білдек (станок) негізінде үйкеліспен дәнекерлеуге арналған арнайы құрылғының конструкциясы келтірілген. Әртүрлі материалдарды үйкеліс арқылы дәнекерлеудің жаңа әдісін жасауға және оны жүзеге асыру үшін арнайы құрылғыны жасауға бағытталған авторлардың ғылыми зерттеулерінің алдын-ала нәтижелері келтірілген. №4676 пайдалы модельге ҚР патенті алынған токарлық станок негізінде үйкеліспен дәнекерлеуге арналған құрылғының конструкциясы сипатталған. Үйкеліс дәнекерлеу технологиясын дамыту бойынша қосымша зерттеулердің міндеттері анықталды.
Тірек сөздер: үйкеліспен дәнекерлеу, цилиндрлік металл бөлшектер, әртекті материалдарды қосу, балқу температурасы, өзек.
Абишева, Н.Б. Әртекті материалдарды үйкеліспен дәнекерлеу үшін арналған арнайы құрылғының құрылымы [Мәтін] / Н.Б. Абишева, К.Т. Шеров // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2022. – №2(76). – Б.28-36. https://doi.org/10.55956/EZZT7810