Главная - Текущий выпуск - Механика и технологии - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2022-4 - Сауда желілерінде сатылатын әртүрлі өндірушілердің жартылай қатты сыр өнімдерінің сапасын салыстырмалы бағалау

Сауда желілерінде сатылатын әртүрлі өндірушілердің жартылай қатты сыр өнімдерінің сапасын салыстырмалы бағалау

Автор: Р.Т. Қауымбаев, М.Ш. Шардарбек
Бет 51-57

https://doi.org/10.55956/EXOA2793

Аңдатпа. Мақалада органолептикалық және физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша жартылай қатты сыр өнімдерінің сапасына салыстырмалы бағалау жүргізу нәтижелері қарастырылған. Зерттеу нысаны ретінде «Михайловский сыр» ААҚ (Ресей), «Меркі сыр зауыты» ЖШС, «Жуалы сүт компаниясы» ЖШС, «Сүт-Бұлак» ЖАҚ (Қырғызстан) кәсіпорындарымен өндірілген жартылай қатты сыр өнімдерінің 4 үлгісі таңдап алынған. Жартылай қатты сыр өнімдерін сапалық тұрғыдан зерттеу МЕМСТ 52972-2008 «Жартылай қатты сырлар. Техникалық шарттар» талаптары негізінде анықталды. Таңдалған жартылай қатты сыр өнімдерінің сапасын бағалау бойынша орындалған жұмыстың нәтижесі кейбір үлгілердің бірқатар сапалық көрсеткіштері бойынша нормативтік құжатта бекітілген талаптарға сәйкес келмейтіндіктерін көрсетеді.

Тірек сөздер: сараптама, өнімнің сапасы, сыр өнімі, нормативтік құжат, тағамдық қасиет, органолептикалық көрсеткіштер.

Қауымбаев, Р.Т. Сауда желілерінде сатылатын әртүрлі өндірушілердің жартылай қатты сыр өнімдерінің сапасын салыстырмалы бағалау [Мәтін] / Р.Т. Қауымбаев, М.Ш. Шардарбек // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2022. – №4(78). – Б.51-57. https://doi.org/10.55956/EXOA2793

(PDF)