Главная - Текущий выпуск - Механика и технологии - Жаңа номер - Механика және технологиялар - Механика және технологиялар 2022-4 - Итмұрын сығындысы қосылған йогурт өндіру технологиясын жетілдіру

Итмұрын сығындысы қосылған йогурт өндіру технологиясын жетілдіру

Автор: Н.С. Машанова, С. Әлтайұлы, Л.Г. Кудренов
Бет 45-50

https://doi.org/10.55956/GBEW8692

Аңдатпа. Мақалада итмұрын сығындысы қосылған йогурт өндіру технологиясы қарастырылған. Өсімдік негізіндегі толтырғыштарды пайдалану сүт өнімдерінің тағамдық құндылығын арттырудың бір жолы болып табылады. Сүт негізін өсімдік қоспаларымен үйлестіру келешегі зор бағыт болып табылады, өйткені функционалды тамақтану талаптарына жануарлар мен өсімдік шикізатына негізделген көп компонентті өнімдер сәйкес келеді. Зертханалық жағдайда органолептикалық көрсеткіштері бойынша итмұрын сығындысының оңтайлы дозасы, йогурт материалының массасы эксперименталды түрде зерттелді. Технологиялық сұлбада ұсынылғандай сығындыны араластырып және салқындатылғаннан кейін қосу нәтижесінде дайын өнімнің оңтайлы органолептикалық және физикалық-химиялық қасиеттерін арттыратыны байқалды. Итмұрын сығындысы қосылған йогурт жақсы органолептикалық және физикалық-химиялық қасиеттерге ие және технологиялық процестің өзгеруін қажет етпейтін өнім екені анықталды.

Тірек сөздер: ешкі сүті, йогурт, итмұрын сығындысы, сүт қышқылды өнімдер, функционалдық өнім.

Машанова, Н.С. Итмұрын сығындысы қосылған йогурт өндіру технологиясын жетілдіру [Мәтін] / Н.С. Машанова, С. Әлтайұлы, Л.Г. Кудренова // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2022. – №4(78). – Б.45-50. https://doi.org/10.55956/GBEW8692

(PDF)